Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

19 жастағы бойжеткен отбасымен жақын араласатын азаматтан зорлық көргенін айтып, шағымданды

Опубликовано:

Зорлау
Көрнекі фото: goodhouse.ru

Алматы қаласының 19 жастағы тұрғыны отбасымен жақын араласатын азаматтан зорлағанын айтып, шағымданды. Бойжеткеннің сөзінше, 35 жастағы азамат үйге жеткізіп тастауды ұсынып, оның орнына айдалаға апарып зорлаған деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

19 жастағы Айжанның айтуынша, сол күні оны әдеттегідей 35 жастағы ер адам көлікпен алып кеткен.

Бір уақытта ол қоқыс төгетінін айтып, күтпеген жерден бағытын өзгертіп жіберген. Осылайша, бойжеткенді айдалаға әкеліп, зорлық әрекеттерін жасаған.

Жәбірленушінің сөзінше, сәлден кейін азамат жуынуға кткен. Осы уақытта ол шөптің арасында тығылып үлгерген. Көп ұзамай қыздарын туыстары адам шошырлық күйде тауып алған.

Оқиға Алматы облысы Іле ауданында болған.

"Оның есімі Бекжан. Біздің жанұямыз оны жақсы таниды. Бастапқыда онымен менің ұлым танысты. Ол ұлымды жұмысқа апарып, алып келіп жүрді. Кейіннен менің қызымды таситын болды. Біз оны осындай әрекетке барады деп ойламадық.

Мен күн сайын кешке қызыма хабарласатынмын. Жұмыстан шықтың ба, қашан келесің деп сұрайтынмын. Сол күні хабарласа алмадым. Ол болған жайтты ағасына айтыпты. Біз оқиға орнына келіп, көкала қойдай болған қызымызды жылап жатқан жерінен тауып алдық", - дейді жәбірленушінің әкесі Мұхтар.

Болған жайттан соң бойжеткен полицияға шағымданған. Бірақ, оның жақындары тергеу ұзаққа созылып кете ме деп қорқады. Олар күдіктің ағасы құқыққорғау органдарында жұмыс істейтінін, ол үйге келіп, 1 млн теңге ұсынғанын айтып отыр.

"Міне, мен несие алдым. Саған 1 млн теңге беремін. Ал органдарда өзіміз шешерміз" деп ақша ұсынды. Әкесі "мен қызымды сатпаймын" деді. Барлық туысы, әжелері келді. Кешірім сұрап, жалынды. Оның да (Бекжан- ред) шаңырағы шайқалып жатқанын, әйелі ажырасуға өтініш бергенін айтты", - дейді жәбірленушінің туысы Айгүл.

Бүгінде жәбірленуші шағым түсірген азамат бостандықта жүр.

Алматы облысы полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, іс қатаң бақылауда екенін хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, тиісті сараптамалар тағайындалған.

Өз кезегінде, жәбірленушінің туыстары қылмыс куәгерлерін өздері іздей бастағн. Олар азаматты қатаң жазаға тартуды көздеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921385-sop-arasyna-tygylgan-19-zastagy-almatylyq-qyz-ozin-ata-anasynyn-dosy-zorlaganyn-aitty/

pixel