Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында да карантин шаралары күшейе түсті

Опубликовано:

тәжфирус15
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

10-шілдеден бастап Қарағанды ​​облысында карантин шаралары күшейтіледі. Облыстың бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құжатқа сәйкес, Ashyq жобасына қатыспайтын кинотеатрлардың, театрлардың, аттракциондардың, балаларға арналған ойын-сауық орталықтарының жұмысына тыйым салынбақ.

Сонымен қатар, сауда орталықтары, сауда және ойын-сауық орталықтары, жабық базарлар тек жұмыс күндері ашылатын болады.

Ashyq жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану орындары мен жаздық дәмханалар сағат 9.00-ден 02.00-ге дейін, ал жобаға тіркелмеген мейрамханалар сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ғана жұмыс істейді.

Айта кетейік, бүгінде Қарағанды ​​облысы коронавирустың "қызыл" аймағында тұр. Өткен тәулікте бұл өңірден тағы 349 науқас анықталды.

Еске сала кетейік, бүгін Қарағандыда өнеркәсіптік кәсіпорын қызметкерлері үшін вакцинация мерзімі 1 тамызға дейін ұзартылғаны белгілі болды.

Қарағанды облысының бас санитар дәрігері шығарған жаңа қаулының толық мәтінін мына сілтеме бойынша оқи аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921537-qaragandy-oblysynda-da-karantin-saralary-kuseie-tusti/

pixel