Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вакцинация паспортын сатқан: Еліміздің үш өңірінде медицина қызметкерлері ұсталды

Опубликовано:

Дәрігер қарауындағы әйел адам
Көрнекі фото: pixabay.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Марат Ахметжанов бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы бойынша вакцинация паспортын сатқан медицина қызметкерлерінің ұсталғаны туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оның айтуынша, кеше Нұр-Сұлтан қаласында, сондай-ақ Ақмола және Алматы облыстарында вакцинация төлқұжаттарын сатумен айналысқан медицина қызметкерлері ұсталды.

"Олар іс жүзінде вакцина салдырмаған адамдарға құжаттар рәсімдеп, вакцинаны жойған. Көріп отырғаныңыздай, халықтың денсаулығы байыту объектісіне айналды, ал бюджеттен бөлінген ақша босқа кетіп жатыр. Мұндай жалған паспортты алған адамдар ертеңгі күні қасымызда жүреді, бір көлікте отырады, бір ұшақпен ұшады", – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы.

Еске сала кетейік, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетованың сөзінше, жаңа қаулы бойынша ПТР тесттен тегін өтетін 12 санаттағы адамдар анықталған.

Оларға клиникалық белгілері бар адамдар, науқаспен байланысқа түскендер, ауруханаға жатқызылған азаматтар, перзентханаға түскен жүкті келіншектер және тағы басқалар жатады.

Айта кеткен жөн, денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов ревакцинация туралы пікір білдірген болатын.

Айтуынша, вакцина алып қойған адамдардың алты айдан кейін қайта екпе алуы қаншалықты міндетті екені туралы нақты мәлімет әзірге жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921628-vakcinaciya-pasportyn-satqan-elimizdin-us-onirinde-medicina-qyzmetkerleri-ustaldy/

pixel