Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аптап ыстық күйдіріп барады": Торғай жұрты жауын шақыру үшін тасаттық берді

Опубликовано:

Тасаттық беруге жиналған Торғай жұрты
Фото: tobyl-torgai.kz

Қостанай облысындағы Торғай халқы елдегі қуаңшылықтан құтылу үшін тасаттық жасап, діни наным-сенімге жүгінуге мәжбүр. Бұл үшін жергілікті жұрт бес-он мың теңгеден ақша жинаған деп хабарлайды tobyl-torgai.kz басылымы.

Табиғаттың тосын мінезі әбігерге салған Қостанай облысының халқы тасаттық беруде. Қатты ыстық пен дала өрттерінің орын алуынан қиналған жұрт осылайша өңірдегі ахуалды жеңілдетпек болып отыр.

Басылымның жазуынша, құрбандыққа шалатын малды жергілікті тұрғындар әркім шамасы келгенше бес-он мың теңгеден қаржы қосып сатып алыпты. Бүгін сағат 12-де басталған рәсімге Торғай кентіндегі Оспан қожа мешітінің имамдары қатысты.

"Жаз бойы жөнді жаңбыр жауған жоқ. Аптапты ыстық күйдіріп барады. Оның үстіне жиі-жиі дауыл тұрып, жайсыздық тудырып тұр. Торғайдың негізгі күнкөрісі — төрт түлік. Қолайсыз ауа-райы жан-жануарларға да оңай тиер емес. Сондықтан, ата-баба нанымына жүгініп, тасаттық беруден өзге амалымыз қалмады", — дейді бастамашылардың бірі кәсіпкер Жалын Омаров.

Бұған дейін Жангелдин ауданында 30 мамырда Көкалатта тасаттық ғұрпы жасалған еді. Бірақ жаңбырдың себелеп өткені болмаса, нөсер жауын болмады. Сондай-ақ 30 маусымда Шилі ауылында да тасаттық беріліп, бір аптадан соң алапат құйын соғып, соңынан жарты сағат нөсер құйған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921665-aptap-ystyq-kuidirip-barady-torgai-zurty-zauyn-saqyru-usin-tasattyq-berdi/

pixel