Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында шаршап ұйықтап жатқан өрт сөндірушілердің суреті тарады (фото)

Опубликовано:

Өрт
Фото: ТЖМ

Әлеуметтік желіде Қарағанды облысындағы өртпен арпалысқан өрт сөндірушілердің жерде ұйықтап жатқан суреті тарады. Желідегілер оларды нағыз батырға теңеуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Желіде тараған фотода бір аптадан астам уақыт бойы Ұлытау ауданындағы дала өртін сөндіріп жүрген Қарағанды облысының өрт сөндірушілері бейнелеген.

Ауыр жұмыстан кейін шаршаған қызметкерлер жатқан жерінде ұйықтап қалған. Бұл сурет желідегілердің жүрегін елжіретті.

"Еңбектеріңіз үшін рахмет!", "Жарайсыздар!" - деп жазуда көпшілік.

Өрт
Фото: ТЖМ

Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Қарағанды облысында жағдай тұрақталған. Ұлытау ауданындағы өрт толығымен сөндірілген.

Өрттің жалпы аумағы 36 538 гектарды құрап отыр. Өртті сөндіруге 540 адам мен 70 бірлік техника жұмылдырылған.

Өрт сөндірушілердің жұмысын аптап ыстық пен қатты жел қиындата түскен. Салдарынан өрт жылдам жайылған.

Өрт
Фото: ТЖМ

Айта кетсек, бұған дейін Ұлытаудағы алапат дала өрті ауыздықталғанын жазған едік. Өрттің ең үлкен ошағы 2 ауылдық округ - Жангелді және Ақтас аумағында болған.

Сонымен қатар, Ұлытау ауданы Қоскөл ауылының 23 жастағы тұрғыны Бейбарыс Ескендір дала өртін сөндіру кезінде қайтыс болғаны туралы да хабарлаған болатынбыз.

Туған ауылына қауіп төнгенде басын қатерге тіккен жігіт тілсіз жауды ауыздықтауға атсалыспақ болған.

Марқұмның әкесі Қожанбай Қожахметовтің айтуынша, баласы оқиға орнына өздігінен барған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921683-qaragandy-oblysynda-sarsap-uiyqtap-zatqan-ort-sondirusilerin-sureti-koptin-konilin-bosatty/

pixel