Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде құрғақшылыққа байланысты төтенше жағдай жариялануы мүмкін

Опубликовано:

Құрғақшылық
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде жауын-шашын мөлшері аз түсетін болса, төтенше жағдай режимі енгізіледі деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Бірақ бұл жекелеген өңірлерде ғана болады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінде айтылды. Дегенмен, синоптиктер шілдеде жауын-шашын шамаға сай жауатынын болжап отыр. Биыл батыс және оңтүстік өңірлер қуаңшылық зардабын көп көрді.

Әсіресе, Маңғыстау және Қызылорда облысындағы жағдай нашар. 1600-ден аса мал қырылды. Батыс аймақтарда әлі де құрғақшылық күтіледі. Бірақ құзырлы ведомство өкілдері күн райына үміт артып, әліптің артын күтеді.

"Ел көлемінде жоқ, жаңа ғана біз айтып өттік. 1639 бас мал шығыны болса, ол тек қана екі өңірге тиесілі. Басқа өңірлерде мал азығы жетпей немесе басқа жағдаймен шығын болған мал жоқ, сол себепті ондай мәселені қарау орынсыз", – ауыл шаруашылығы министрлігінің аппарат басшысы Марат Оразаев.

Еске сала кетейік, шілде айында Ақтөбе (Нұра, Ырғыз), Қостанай (Қарамеңді, Амангелді), Атырау (Құлсары) және Маңғыстау облысының (Аққұдық) жекелеген пункттерінде қатты қуаңшылық болады деп күтілуде.

Әсіресе, аптап ыстықтың салдарынан Ақмола (Есіл, Жақсы, Атбасар), Ақтөбе (Новороссийское, Қарабұтақ, Басқұдық, Нұра, Ырғыз), Қостанай (Пресногорьковка, Аршалы, Тобыл, Аралкөл, Торғай), Солтүстік Қазақстан (Тайынша) және Маңғыстау облыстарындағы (Сам) қуаңшылық қатты болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921745-elimizde-qurgaqsylyqqa-bailanysty-totense-zagdai-zariyalanuy-mumkin/

pixel