Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Соңғы мәлімет: Қазақстаның қай өңірлері "қызыл" аймақта

Опубликовано:

қызыл аймақ
Көрнекі фото: 24.kz

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты 10 шілдедегі жағдай бойынша ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, "қызыл" аймаққа өткен өңірлер саны 10-ға жеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстары тұр.

Ал «сары» аймақта: Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан болса;

«Жасыл» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары қалып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін елімізде коронавирус жұқтырғандардың рекордтық көрсеткіші тіркелгені жөнінде хабарлаған болатынбыз.

Өткен тәулікте тағы 3130 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталғаны белгілі болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921768-songy-malimet-qazaqstanyn-qai-onirleri-qyzyl-aimaqta/

pixel