Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында қарындасын өлтіріп, денесін жертөлеге тыққан қаскөй 17 жылдан соң ұсталды

Опубликовано:

қылмыс
Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан

Павлодар облысында 17 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылып, күдікті  ұсталды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

2004 жылы орын алған қылмыс бүгінгі күнге дейін ашылмай келген. Железин ауданының тұрғыны сол кезде қарындасын өлтіріп, оның денесін жертөлеге тастап кетіпті.

Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осы жайтқа қатысты материал тіркелкенін, бірақ тергеу барысында күдіктінің кінәсін растайтын дәлелдер болмағанын алға тартты.

"Ер адам жасырынған жоқ, бірақ полиция ол екенін білмеді. Геномдық және басқа да сараптамалардың нәтижесі бойынша оның кінәсін дәлелденіп, ұсталды. 2004 жылы қазіргі кездегідей сараптамалар қолданылмайтын", - деп түсіндірді Қайыров.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, облыстық криминалдық полиция қызметкерлері өткен жылдардағы 485 қылмыстың бетін ашқан. Қылмыстық тергеудегі 50 адам ұсталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921771-pavlodar-oblysynda-qaryndasyn-oltirip-denesin-zertolege-tyqqan-qaskoi-17-zyldan-son-ustaldy/

pixel