RU

Шу ауданында 2 тоннаға жуық жабайы қарасора өртелді

Жамбыл облысында қарасора өртелді
Фото: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Жамбыл облысы Шу ауданында 2 тоннаға жуық айы қарасора жойылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап кең ауқымды "Қарасора-2021" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде.

Оған сәйкес, есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау аясында ауыл шаруашылығы техникасын тарта отырып, есірткі құралдарын жою жөніндегі көшпелі комиссия құрылған болатын.

"Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының 5 гектар жер аумағында жабайы өскен сораны шабу арқылы 1 тонна 781 келі "сора тұқымдас өсімдікті» өртеу арқылы жойды",- делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921839-su-audanynda-2-tonnaga-zuyq-zabaiy-qarasora-orteldi/