RU

Қызылордада 17 жастағы жасөспірім қыз төрт күннен бері табылмай жатыр

sputnik.kz
Көрнекі фото: sputnik.kz

Қызылордада 17 жастағы жасөспірім қыз төрт күннен бері табылмай жатыр деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полицияға 7 шілдеде азанғы сағат 9.00 шамасында Қызылорда қаласы Амангелді көшесінің тұрғыны Азалия Мингатаеваның жоғалғандығы туралы арыз түсті. Ол 2004 жылдың 4 мамырында дүниеге келген.

”Ата-анасының айтуынша, 17 жастағы​ жасөспірім 6 шілдеде күндізгі уақытта үйінен шығып кетіп, содан қайта оралмаған. Ерекше белгілері: Бойы 160-165 см, арық денелі, шашы қара түсті. Киген киімдері: қызыл түсті футболка мен белдемше, ақ кросовка.

Жоғалған жасөспірім​ туралы қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда​ Қызылорда облысы Полиция департаментіне,​ Қызылорда қалалық Полиция басқармасына шұғыл түрде хабарласуларыңызды сұраймыз. Байланыс нөмірлері:​ 8(7242) 29-70-10, 29-75-20, 29-75-07​ және 102 арнасы”, - деп жазылған облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921844-qyzylordada-17-zastagy-zasospirim-qyz-tort-kunnen-beri-tabylmai-zatyr/