Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада жалған ПТР анықтама жасап сатқан медицина орталығының директоры ұсталды

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Астанада жалған ПТР анықтама жасап сатқан медицина орталығының директоры ұсталды. Бұл шілденің басынан бері тіркелген екінші жағдай деп хабарлайды Қазақпарат.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведмоствоның ақпарат алаңында бұл ақпаратты растады.

"Нұр-Сұлтанда ПТР тестілеуден өткені туралы жалған анықтама сатып жүрген тұлғалар анықталды. Шілденің басынан бері қолдан жасалған анықтама сатудың 2 жағдайы тіркелді. Астана сақшылары медициналық орталық директорын ұстады. Ол ауру жұқтырмағаны туралы жалған ПТР тестілеу анықтамасын берумен айналысты деген күдікке ілініп отыр. Орталық басшысының заңсыз анықтама үшін клиенттерден 6 мың теңгеден алғаны анықталды. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтаманы заңсыз алған тұлғалардың санын анықтауда", - деді ол.

Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, ПТР-тест құжаттарын шетелде отырып-ақ сататын адамдар пайда болыпты.

"Тәртіп сақшылары елімізден тыс аумақта бола тұрып, вирус жұқтырмағаны туралы ПТР-тест анықтамасының электронды нұсқасын жасап, 5500 теңгеге сатқан қазақстандықты анықтады. Ол анықтамаларды "Телеграм" мессенджері арқылы жіберіп отырған. Аталған жағдай бойынша құжат дайындап сатқаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері медицина орталықтарын, емханалар мен ПТР-тест бекерттерін астана тұрғындарына жалған құжат беру фактісіне тексеруде", - деді ішкі істер министрлігінің баспасөз өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921988-elordada-zalgan-ptr-anyqtama-zasap-satqan-medicina-ortalygynyn-direktory-ustaldy/

pixel