Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысының тұрғыны туған қызы бас тартқан 90 жастағы ұстазын қолына алды

Жарияланған күні:

Ұстазын қолына алған отбасы
Фото: "Время" газеті

Алматы облысында 90 жасында қараусыз қалған ұстазын қолын алып, қамқорлық көрсетіп отырған отбасы елді сүйсінтті. Туған қызынан жылу көрмеген абыз әженің тағдырына бей-жай қарай алмаған шәкірті оған ерекше ілтипат көрсетіп, өз үйінде бағып отыр деп жазады "Время" газетіне сілтеме жасаған KAZNUR.KZ.

Алматы облысы Панфилов ауданы Хоргос ауылының тұрғыны Тельман Усманов өзінің алғашқы ұстазы, бүгінде 90 жасқа келген Зоя Степановна Сердобинцеваны қолына алып, қамқорлық танытып отыр. Жолдасы қайтыс болып, қызы қалаға кеткен әжей осы жасқа келгенде жалғыз қалған.

Ұстазының үйінде қараусыз жатқанын көріп қалған Тельман оның жағдайына көз жұма қарай алмағандығын айтады. Айтуынша, ол ауылды көркейту үшін зор үлес қосқан ауыл ақсақалының адам төзгісіз жағдайда жалғыз өзі өмір сүруіне жол бере алмаған.

"Бір де бір мерейтой, бір де бір жиын ол кісінің қатысуынсыз өтпейтін. Ол ауылдағы мәдени іс-шараларды ұйымдастырушысы еді. Жазда футбол және волейбол матчтарын ұйымдастыратын. Қыста шаңғы жарыстарын қолға алатын. Жас та, кәрі де оны қатты сыйлайтын", - дейді қайырымды жігіт ағасы.
"2018 жылдың 15 қарашасы еді. Сол күн әлі көз алдымда. Зоя Степановнаның үйінің жанына өтіп бара жатырмын. Үй маңы мүлгіген тыныштық. Үйге кірсем, тастай суық. Пеш жағылмаған, жатын бөлмеде бірнеше көрпеген оранған күйінде ұстазым жатыр. Мені көріп, жылап жіберді. Бұл көріністі көріп, жүрегім ауырып кетті. Қатты аяп кеттім", - деп есіне алады ол.

Осылайша, ол ауыл болып әжейге көмек беруде қолға алған. Қарт кісінің үйіне кезекшілік орнатып, көмек бере бастаған. Ал ұстаз болса, шәкірттерінің балаларына ертегі айтып, тәрбие беретін.

Бірақ, былтыр шілде айында Усмановтар әулеті Зоя Степановнаны қолына аламыз деп шешкенін айтады.

"Әйелім Алматыға, мен жұмыстармен Жаркентке кеткем. Екі күн ауылда болмадық. Сол кезде ол кісі біз оны тастап кетті екен деп ойлапты. Қатты уайымнан аяғы жүрмей қалыпты", - дейді ол.

Міне, сол уақыттан бері ұстаз шәкіртінің үйінде тұрып жатыр.

"Тельман көтеріп алып, үйге әкелді. Монша жағып, жуындырдық. Содан бері бірге тұрып жатырмыз", - дейді Тельманның жары Райхан.

Мақала авторы бүгінде қарт әжейді Райхан айына екі рет тырнақ шеберіне апарып, маникюр жасататынын жазады. Сонымен бірге, оның шашын жөндеп, шаштараз шақыртады екен.

"115 мың теңге көлемінде зейнетақы аламын. Жаназама деп жинаған едім. Бірақ, енді мені жерлейтін адамдар бар. Сондықтан, қолымдағының бәрін Райханға беремін. Ол маған дәрі-дәрмек, дәрумендер, жеміс-жидек алып береді. Айына екі рет тырнақ жасатамын. Шаштараз шақырамыз", - дейді әжейдің өзі.

Ал өзінің туған қызы Светлана туралы әжей тіс жарғысы келмейді. Усмановтар отбасы әжейді аптасына екі рет Свято-Казань шіркеуіне апарып тұратынын айтады. Әжейдің айтуынша, онда ол жаратқаннан өзіне осыншама жақсылық жасаған жандардың амандығын тілейді.

Айта кетерлік тағы бір жайт, Усмановтар отбасы бұған дейін тағы екі әжейге қамқорлық танытқан. Олардың бірі - Махинурдың балалары тіптен өте танымал кісілер екен. Алайда туған аналарынан бас тартқан балалары Райхан мен Тельманға айына 80 мың теңге ақша аударып тұрған екен.

Балаларының қылығына күйінген әжей өлер алдында: "Мені Тельман жерлесін",- деген аманат айтып кеткен көрінеді.

"Время" газетінің материалын пайдалану, көшіріп басу тек қана редакцияның рұқсатымен ғана жүзеге асуы тиіс.

Дереккөз: "Время" газеті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922000-almaty-oblysynyn-turgyny-tugan-qyzy-bas-tartqan-90-zastagy-ustazyn-qolyna-aldy/