Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі тұрғын үй бағасының қымбаттау себебі айтылды

Опубликовано:

Пәтер25
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандағы тұрғын үй бағасының қымбаттау себебі айтылды деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Оның сөзінше, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10 шілдедегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында, біздің министрлік құрылыс материалдары мен тұрғын үй бағасының өсуін тежеуге қатысты бірқатар кешенді шаралар қабылдаған.

Атап айтқанда, елімізде құрылыс материалдарының бағасын тұрақтандыру мақсатында Үкімет "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп сала бойынша баға өсіміне болжам жасау, өндірушілер мен құрылысты салушылардың арасында тікелей ұзақмерзімді келісімшарт жасау шараларының қолға алынғаны белгілі болды.

Сонымен қатар, Қайырбек Өскенбаев Қазақстанда қандай құрылыс материалдары бағасының өскенін және оның себебін атады.

"Шара қабылдамас бұрын соңғы 5 жыл ішінде Қазақстанда құрылыс материалдары мен жылжымайтын мүлік бағасына болжам жасалды, яғни осы уақыт ішінде баға қаншалықты өсті немесе өзгерді деген мақсатта. Құрылыс материалдарының ішінде әсіресе цемент, арматура, кірпіш, газды бетон бағасы кенеттен өскені байқалды. Салдарынан тұрғын үйдің бағасы да өскен, ал кейде керісінше төмендегені байқалады. Құрылыс материалдары бағасының өсуі биылда байқалады. Және баға тек Қазақстанда ғана емес әлем бойынша өсіп отыр. Оған себеп девальвациямен қатар пандемияның салдарынан логистика бойынша шығынды шектеу", - деді индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі .

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922013-elimizdegi-turgyn-ui-bagasynyn-qymbattau-sebebi-aityldy/

pixel