Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда сексуалды және еңбек құлдығына түскен 19 адам құтқарылды

Опубликовано:

Құл
Көрнекі фото: starfate.ru

Қазақстанда 19 адам сексуалды және еңбек құлдығынан құтқарылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары әлемде азаматтарды заңсыз еңбекке қанау фактілері әлі жойылмағанын атап өтті. Кей жағдайда олардың жұмысы мүлдем төленбейді және адамдар тамақ үшін жұмыс істейді. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, көбіне қандай да бір себептермен құжаттары жоқ адамдар құлдыққа түседі.

Елде жыл басынан бері адам саудасына байланысты 103 қылмыс тіркелді. Оның 61-і сотқа жолданды. Қазіргі уақытта қылмыстық істер бойынша 9 адамға қатысты айыптау үкімі шығарылды. 42 істі қарау жұмыстары жалғасып жатыр.

ІІМ төмендегідей статистика ұсынды:

  • пайдалану мақсатында бір адам ұрлау;
  • пайдалану мақсатында 3 заңсыз бас бостандығынан айыру;
  • адам саудасының 7 фактісі;
  • кәмелетке толмағандарды сатудың 10 фактісі;
  • жезөкшелікпен айналысуға тартудың 8 фактісі;
  • кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тартудың 5 фактісі;
  • притондарды жинақтау және ұстау 69 фактісі.

19 адам еңбек және сексуалды құлдықтан босатылды.

Сондай-ақ, ІІМ өткен жылдың қазан айында басталған азаматтығы белгісіз адамдарды анықтау және құжаттау бойынша сәйкестендіру науқаны жалғасып жатқанын еске салды.

Акция барысында 4 686 құжатсыз тұлға анықталған, оның ішінде 3 408 құжаттандырылды.

Тәртіп сақшылары құжаттарды жоғалту салдарынан қиын өмірлік жағдайға тап болған, еңбек құлдығына түскен немесе заңсыз бас бостандығынан айырылған азаматтарға үндеу жасады. Оларға полицияға мүмкіндігінше тезірек хабарласуға кеңес беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922046-qazaqstanda-seksualdy-zane-enbek-quldygyna-tusken-19-adam-qutqaryldy/

pixel