Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда міндетті вакцинация мерзімдері қайта қаралатын болды

Жарияланған күні:

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қазақстандағы шағын және орта бизнес қызметкерлерін вакцинациялау мерзімдері қайта қаралады. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ресми Telegram-каналында жария етті.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Отырыста вице-премьер мемлекеттік органдарға қысқа мерзімде бірқатар міндеттерді жүзеге асыруды жүктеді.

Нақтырақ айтсақ, Тоғжанов ағымдағы жылдың 19 шілдесіне дейін шағын және орта бизнес қызметкерлеріне вакцинация жүргізудің нақты мерзімдерін қайта қарау және белгілеу қажеттігін тапсырып отыр.

Одан бөлек, мемлекеттік органдарға келесі міндеттер қойылуда:

  • коронавирусқа қарсы іс-қимыл шараларын түбегейлі қайта қарау Стратегиясын әзірлеу;
  • "Pfizer" компаниясымен келісімге қол қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және вакцинаны жеткізу туралы келісімшарт жасасуды қамтамасыз ету;
  • ағымдағы жылдың 19 шілдесіне дейін міндетті вакцинациялауға жататын қоғамның тіршілік ету салаларын анықтау;
  • ПТР-тестілеудің бірыңғай базасына ұқсас вакцинациялаудың цифрлық картасын іске қосу мәселесін пысықтау;
  • ағымдағы жылдың 19 шілдесіне дейін "Ashyq" сияқты цифрлық шешімдерді белсенді пайдалану басымдығымен мобильді мониторингтік топтардың жұмысын қайта форматтау бойынша ұсыныстар енгізу;
  • эпидемиологиялық жағдайға қарамастан қолданыста болатын Медицина қызметкерлерін қолдау және ынталандыру қағидаларын әзірлеу және бекіту.
  • жаңа оқу жылында оқушылар мен студенттерді оқытудың дәстүрлі нысанын қайта бастау кезінде педагогтар мен оқушылар денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922143-qazaqstanda-mindetti-vakcinaciya-merzimderi-qaita-qaralatyn-boldy/