Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елорда тұрғыны екі жыл ішінде жол-көлік ережесін 166 рет бұзған

Жарияланған күні:

Жол-көлік ережесі
Көрнекі сурет: logist.today

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасы елорда тұрғыны жол-көлік ережесін 166 мәрте бұзғанын хабарлады. Былтыр бұл тұрғын жол ережесін 98 рет бұзса, биылдың өзінде оған 68 айыппұл келіп үлгерген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ЭК сайтына сілтеме жасап.

Жол-көлік ережесін бұзу жөнінен "рекорд" орнатқан азаматтың көлігін былтыр да айыппұл тұрағына қойған. Алғаш рет ол 1 миллион 800 мың теңге көлемінде айыппұл төлеп, көлігін қайтарып алған болатын.

Ол көбінесе жылдамдықты асыру, жолдағы белгілерде көрсетілген талаптарды орындамау бойынша ережені бұзған.

Жүзге жуық айыппұл мен ескертуге қарамастан, биыл да ескі әдетіне басып, жол-көлік ережелерін сақтамаған азамат миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуге міндеттеліп отыр.

Десе де, бұл жолы тұрғын көлігін айыппұл тұрағына апарудан бас тартып, салдарынан полиция көлікті күштеп әкетуге мәжбүр болды", - дейді палата басшысының орынбасары Мадина Жанасаева.

Былтыр бұл азамат жол ережесін 98 рет бұзса, биылдың өзінде оған 68 айыппұл келіп үлгерген екен.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасының хабарлауынша, бұған дейін елордадағы ең көп айыппұлға іліккен әйел адам тіркелген.

Ол жалпы сомасы 900 мың теңгеге тең 32 айыппұл алған. Бастапқыда айыппұл төлеуден бас тартқан әйел сот орындаушысы оның мүлкін, банктегі шоттары мен көлігіне тыйым салғаннан кейін барып, барлық айыппұлын төлеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922148-elorda-turgyny-eki-zyl-isinde-zol-kolik-erezesin-166-ret-buzgan/