Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір тәулікте 4375 адамнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазақстанда өткен тәулікте 4375 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1132
  • Алматы қаласы - 445
  • Шымкент қаласы - 125
  • Ақмола облысы - 48
  • Ақтөбе облысы - 49
  • Алматы облысы - 58
  • Атырау облысы - 98
  • Шығыс Қазақстан облысы - 77
  • Жамбыл облысы - 36
  • Батыс Қазақстан облысы - 216
  • Қарағанды облысы - 451
  • Қостанай облысы - 43
  • Қызылорда облысы - 18
  • Маңғыстау облысы - 10
  • Павлодар облысы - 103
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 20
  • Түркістан облысы - 31.

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 466 792-ге жетіп отыр.

Cонымен қатар, өткен тәулікте 2960 адам індеттен жазылған.

Қазір елімізде 45 282 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 14 698 пациент стационарда, 30 584 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

880 адамның жағдайы ауыр, 198 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 116 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Сондай-ақ, қазір еліміздің үш қаласы мен тоғыз өңірі коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймақта тұр. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Сары" аймақта Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстары, "жасыл" аймақта Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922288-elimizde-bir-taulikte-4375-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/

pixel