Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан 53 адам көз жұмды
Жарияланған күні:
Елімізде өткен тәулікте коронавирустан 53 адам қайтыс болды. Бұл соңғы бірнеше айдағы рекордтық өлім көрсеткіші. Деректерді денсаулық сақтау министрлігі Telegram-арнасында жария етті.
12 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 53 адам көз жұмып, 2960 адам індеттен жазылған.
Қазір елімізде 45 282 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 14 698 пациент стационарда, 30 584 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
880 адамның жағдайы ауыр, 198 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 116 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға келсек, 12 шілдеден бері 6 науқас қайтыс болып, тағы 167 адамға осы диагноз қойылған.
Жалпы 2020 жылдың 1 тамызынан бері COVID-19 белгілері бар пневмониямен 580 86 адам ауырып, 1044 өлім жағдайы тіркелген. 53095 дерттен жазылған.
Айта кетейік, бұған дейін Ресей денсаулық сақтау министрлігінің жұқпалы аурулар жөніндегі бас маманы, профессор Владимир Чуланов коронавирустың "мақсаты" не екенін айтып берген еді.
Маманның пікірінше, коронавирусқа бізді өлтіру тиімді емес, оған тек тез таралу маңызды.
Сондай-ақ, ол, "коронавирус тұмаудан еш айырмашылығы жоқ қауіпсіз вирус деген жаңсақ пікірден арылу керек" екенін баса айтты. Себебі COVID-19-дан болатын өлім-жітім тұмауға қарағанда он есе жоғары болып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922304-qazaqstanda-bir-taulikte-koronavirustan-53-adam-koz-zumdy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.