Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда екі қызды көлік қағып кетті: Тергеу амалдары неге жүргізілмеген (фото, видео)

Опубликовано:

апат
Оқиға орны. Фото: instagram.com/meganews.kz

Алматыда жұбайы маусым айының басында жол апатына түскен ер адам әлеуметтік желіде полицейлердің бұл іске немқұрайлы қарайтынын айтып шағымданды. Оның сөзінше, бұл факті бойынша ешқандай тергеу амалдары жүргізілмеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ер адамның шағымы meganews.kz Instagram парақшасында жарияланған. Ол сол күні болған оқиғаны егжей-тегжейлі баяндады.

"Алматыда 2021 жылдың 1 маусымында шамамен сағат 18:15-те "Алтын орда" тұрғын үй кешені мен "Хачапури и Вино" мейрамханасының жанында Қожанов көшесінде менің әйелім мен оның әріптесін қағып кетті.
Қыздар Қожанов көшесі бойымен солтүстік бағытта жүрген. Жаяу жүріншілер жолымен жүрген. Тұрғын үй кешенінен шыққан ақ түсті Hyundai Accent жүргізушісі қыздарды басып кетіп, көшемен сүйреп, олардың бірін бірнеше метрге лақтырып жіберді, екіншісін қоршау мен көлік арасында қысып қалды. Рөлде әйел отырды, жанында күйеуі мен екі баласы болды", - деді ер адам.

Алматылықтың айтуынша, ол құқық қорғау органдарына бірнеше мәрте жүгінгеніне қарамастан, полиция тергеу амалдарын жүргізбеген.

"Аталған факті бойынша ешқандай тергеу амалдары жүргізілмеді. Тәртіп бұзушыға шара қолдану туралы өтінішпен Бостандық ауданының полиция басқармасына бірнеше рет жүгіндім. Сондай-ақ 22 маусымда арызды қабылдағаннан кейін тіркелгені жөнінде талон және сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынғаны туралы нөмір берілмеді. Тергеу, видео-фото материалдарды тексермеді. Тәртіп бұзушы әлі де қалада жүр", - дейді ол.

Қорыта келе ер адам соттың әділ шешім шығаруы үшін құқық қорғау органдарына тағы да жүгінді.

Кейінірек, жазба астында Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахмановтың пікірі пайда болды.

Оның сөзінше, тергеудің одан әрі барысы сараптамаларға байланысты, оның нәтижелері әлі дайын емес.

"Тексеріспен Бостандық ауданының полиция басқармасы айналысып жатыр. Бұған дейін жәбірленушілерге денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын анықтау үшін барлық қажетті сараптама тағайындалды.

Бұл зерттеулердің нәтижелері қазіргі уақытта дайын емес. Осыған байланысты бұл факт бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданбады", - деп жазды Әбдірахманов.

Ол істің бақылауда екенін хабарлады.

Назар аударыңыз! Видеода жантүршігерлік кадрлар бар! Видеоны психикасы тұрақсыз, аяғы ауыр әйелдерге және 18 жасқа толмағандарға көруге кеңес берілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922399-almatyda-eki-qyzdy-kolik-qagyp-ketti-tergeu-amaldary-nege-zurgizilmegen-foto-video/

pixel