Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жезөкшелікпен айналысқан қыздар ұсталды

Опубликовано:

Қыз
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте жезөкшелікпен айналысуға арналған притон анықталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым дерегінше, 13 шілде күні Абай ауданының полиция басқармасына жергілікті тұрғын жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастыру жайты туралы хабарлаған.

Аталған хабарлама бойынша жедел іс-шаралар өткізу барысында тәртіп сақшылары қаладағы қонақ үйлердің бірінде жезөкшелікпен айналысып жүрген үш әйелді анықтады.

Жеңіл жүрісті қыздар полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 309-бабының 1-бөлігі "Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты пайдакүнемдiк мақсаттағы жеңгетайлық" бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, қала аумағында полицейлер жеңгетайлық пен притон ұстау жайттарының жолын кесуге, жезөкшелікпен айналысатындарды анықтауға және оларды есепке қоюға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді.

Тәртіп сақшылары бұл шаралар барысында көңіл көтеру орындарын, монша кешендерін, сауналарды, қонақ үйлерді және жалға берілетін пәтерлерді тексереді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922485-symkentte-zezokselikpen-ainalysqan-priton-ustaldy/

pixel