Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында көпбалалы әкелер 14 млн теңге заңсыз жәрдемақы алып келген

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ

Жамбыл облысында 27 көп балалы әке екі жыл бойы әлеуметтік жәрдемақыны заңсыз алып келген деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Әкелер қаржыға өтініш берген кезде "балалар өзіммен бірге тұрады" деп көрсеткен. Алайда балалар анасымен тұратыны анықталды. Соның салдарынан мемлекетке 14 миллион теңге шығын келіпті.

Бұл ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік департаменті растап отыр.

Енді өтірік айтқан әкелер бөлінген қаржыны қазынаға толық қайтаруы керек.

Телеарна дерегінше, қазіргі уақытта республикалық бюджетке 150 мың теңге ғана түскен. Сонымен қатар 18 адамның жәрдемақы алуы үшін бала санын ай сайын көбейтіп көрсеткені де белгілі болды.

Ведомство өкілдері бүгінде 38 дерек бойынша тексеру жүріп жатқанын жасырған жоқ.

"Бұл заң бұзушылықтардың барлығы өтініш қабылдау кезінде сот шешімін талап етпеудің кесірінен туындап отыр. Стандарт бойынша ата-аналардан ондай құжат сұралмайды. Соны дұрыс жолға қоя алсақ, заңды белден басуға жол берілмес еді. Біз тиісті министрлікке өтініш қабылдау тәртібіне өзгерту енгізу туралы ұсынысымызды жолдадық", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922491-zambyl-oblysynda-kopbalaly-akeler-14-million-tenge-zansyz-zardemaqy-alyp-kelgen/

pixel