Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада 17 шілдеден бастап карантин талаптары күшейтіледі

Опубликовано:

Тесттен өту
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова елордада карантин талаптарын күшейтуге қатысты жаңа қаулы жария етті.

Қаулыға сәйкес, "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерде еске алу шараларын өткізуді қоспағанда, отбасылық, еске алу іс-шараларын, бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) өткізуге және оларға қатысуға, сондай-ақ митингілер, шерулер, жиындар және т. б. ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады.

Одан бөлек, өндірістік қажеттілікке байланысты, меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 80%-ын қашықтықтан жұмыс түріне көшіру қажет.

Қызметкерлерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызметті қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы бойынша талаптарды ескерусіз жүзеге асыруға болады.

Бұл ретте COVID-19 -ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған, сондай-ақ тұрақты медициналық қарсы көрсеткіштері бар барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.

Қалалық қоғамдық көліктің жұмысына сенбі және жексенбі күндері тыйым салынады.

Сонымен қатар, ЖОО және колледж студенттерінің бітіру емтихандарын қашықтық режимінде тапсыруды ұйымдастыру тапсырылып отыр. Жоғары оқу орындары мен колледждерде бітіру кештерін ұйымдастыруға және өткізуге және дипломдарды офлайн режимде тапсыруға тыйым салынды.

Абитуриенттердің ЖОО мен колледждерге түсу үшін құжаттарын қашықтық режимінде тапсыруды ұйымдастыру да тапсырылған.

Сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының бір келушіге 4 м2 есебінен толымдылықты сақтаған жағдайда және күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтау арқылы жұмыс күндері сағат 10.00-нан 17.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілген. Ал сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынған.

"Ashyq" жобасына қатысатын фудкорттарды қоспағанда, фудкорттарға жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-нан 17.00-ге дейін тек тамақты жеткізуге және шығаруға рұқсат етіледі. "Ashyq" жобасына қатысатын фудкорттардың жұмыс кестесі жұмыс күндері сағат 10.00-нан 20.00-ға дейін белгіленіп отыр, ал сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынған.

Мейрамханалар, дәмханалар, кофеханалар типіндегі (ғимараттардың ішінде) қоғамдық тамақтану объектілеріне орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды және көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын шарттарды сақтаған жағдайда жұмыс күндері сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілген. Ал сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салынып отыр

Қаулы 17 шілде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді. Қаулының толық мәтінімен сілтеме арқылы өтіп таныса аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922499-zana-qauly-elordada-17-sildeden-bastap-karantin-talaptary-kuseitiledi/

pixel