Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жас-кәрісіне, ақ-қарасына қарамай жалмап жатыр": Ақтау қаласының әкімі үндеу жасады

Опубликовано:

Ақтау әкімі
Фото: Тумба

Ақтау әкімі Нұрдәулет Қилыбай коронавирус инфекциясының таралуы әлі де өршіп тұрғанын сөз етіп, қала тұрғындарын карантин талаптарын сақтауға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы қала басшысы Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жазды.

"Үндемей келіп жанды алатын тілсіз екі жау - от пен су деуші едік. Үшінші жау үндемей емес, есігімізді қопарып кіріп жас - кәрісіне, ақ - қарасына, жақсы - жайсаңына қарамастан жалмап жатыр.

Бүгіннің нағыз тілсіз жауы індет десем қателеспеспін. Жоғарғы екеуі ең болмағанда көзге көрінеді ғой. Ал мынау ауамен араласып кетіп оқсатып тұрғаны...

Иә, біз дархан халықпыз, жомарт халықпыз, бауырмал халықпыз. Ол сөзсіз!

Сондығымыздан "ұят болады" деген менталитетпен той мен садақамызды тоқтатпай келеміз.

Өмір болған соң ол шаралар болуы керек-те шығар. Бірақ жайбарақат отырған тас үйдің жанына зар жылатып, жоқтау айтқызып киіз үй тігілуіне себепші болып жатырған көбіне-көп осы біздің "ұят болады".

Соңғы кәдесіне деп барып, соңғы сапарына аттанып жатырғандар қаншама!

Бұл пәлені жалғыз дәрігерлердің көмегімен тоқтату мүмкін болмай кетті және бұл жауыз күннен күнге күш алып, ауқымын көбейтіп, ойран салып жәйпап келеді. Ауруханалар толуға жақындады. Жансақтау бөлімінде бос төсек орындары күн санап азаюда, тәулік сайын бақиға аттанатындардың (жандары Жәннатта болсын) саны да тоқтамай тұр. Індет ештеңеге қарайтын емес.

Осы тұста, жоспарларыңыздан бас тартып, барлық мақсаттаған шараларыңызды тоқтатуларыңызды өтінемін және азулы ақсақалдарымызды, қоғам белсенділерін, бизнес иелерін ат салысуға шақырамын.

Көпшілік жерге бармайық. Алдымызда қасиетті Құрбан айтымыз келе жатыр. Бұл тұста да міндетті түрде жиналудың қажеті жоқ.

Жаратушы жүрегіміздегі иман мен ниетті қабыл етері хақ! Сақтанайық ағайын! Аман болайық!" деп сөзін қорытындылады Нұрдәулет Қилыбай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922549-zas-karisine-aq-qarasyna-qaramai-zalmap-zatyr-aqtau-qalasynyn-akimi-undeu-zasady/

pixel