Жаңа қаулы: Міндетті вакцина мерзімі бекітілді
Жарияланған күні:
Еліміздің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері жаңа қаулы жария етті. Оған сәйкес, міндетті вакцина салдыру мерзімі бекітілді.
Бас санитариялық дәрігер міндетті вакцинаның бірінші компоненті 2021 жылдың 10 тамызына дейін, екінші компоненті 1 қыркүйекке дейін салынып бітуі керек екенін жазған.
Құжатқа сәйкес, профилактикалық егулерге тұрақты және уақытша медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға міндеттелмейді.
"Коронавирусқа қарсы вакцинацияға тұрақты / уақытша медициналық қарсы көрсеткіштің болуы туралы анықтаманы жергілікті дәрігер (ол болмаған кезде фельдшер) жұмыс орнына ұсыну үшін береді (қажет болған жағдайда). Бұл жағдайда диагноз пациенттің келісімімен көрсетіледі", - делінген жарлықта.
Қаулы бүгін, 15 шілдеде түн жарымда күшіне енді.
Айта кетсек, бүгін Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны бойынша жаңа анти-рекорд тіркеліп отыр - дертті жұқтыру жағдайы 5 мыңнан астам адамда расталып отыр.
Одан бөлек, Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария еткен болатын. Оған сәйкес, Қызылорда облысы "қызыл" аймаққа өтті.
Сондай-ақ, Қазақстанда бір тәулік ішінде 57 науқас коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмғаны белгілі болып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922552-zana-qauly-mindetti-vakcina-merzimi-bekitildi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.