jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматыда КамАЗ мопед мінген жігітті қағып, мерт қылды

    Фото
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматыда КамАЗ-дың қатысуымен жол көлік оқиғасы болып, салдарынан мопед жүргізушісі қаза тапты деп хабарлайды Қазақпарат.

    Жол көлік оқиғасы кеше орын алған.

    Алматы қалалық полиция департаменті бұл жағдайды растап отыр.

    Ведомство мәліметінше, жүк көлігінің қатысуымен болған апат 14 шілде күні сағат 17:00 шамасында Алатау ауданында тіркелген.

    60 жастағы КамАЗ көлігінің жүргізушісі Райымбек даңғылымен батыс бағытта келе жатып, сол бағытта жүріп келе жатқан мопедпен соқтығысқан.

    Соның салдарынан мопед жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

    Алматы қалалық ішкі істер департаменті басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов аталған факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлімі бойынша тіркелгенін жеткізді.

    Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.