Вакцина алмаған қазақстандықтардың жұмысқа келуіне тыйым салынды
Жарияланған күні:
Еліміздің бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды, оған сәйкес міндетті вакциналау белгіленген ұйымдарда жұмыс істейтін қазақстандықтар екпе алмаса жұмысқа жіберілмейді. Құжат денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтында жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Құжатқа сәйкес, бас санитар дәрігер COVID-19-қа қарсы вакцинация алмаған жұмысшыларды (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-тен айыққан адамдарды қоспағанда) күндізгі режимде жұмысқа қабылдауды шектеу туралы шешім келесі ұйымдар / объектілерде қабылдады.
- Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), "Қазпошта" АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық көрсетілетін қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендерінің, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі объектілер, өзге де объектілер.
- Сауда үйлері, сауда желілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, дүкендер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер.
- Музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары.
- Қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалар.
- Әуежайлар, теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар/автоөтпе жолдары, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері.
- Мектептер мен балабақшалар, ересектер мен балаларға арналған оқу-өндірістік комбинаттары, басқа да мектептен тыс ұйымдар.
- Санаторилер, демалыс үйлері /базалары/ аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар.
- Қоғамдық тамақтану объектілері, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын объектілер, стрит-фудтар.
- Барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілер: қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары.
- Денсаулық сақтау ұйымдары: оның ішінде зертханалар,дәріхана ұйымдары.
- Сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу ұйымдары, авариялық-құтқару қызметтері, пәтер иелері кооперативтері және мүлік иелерінің бірлестіктері.
- Демалыс объектілерінің, ойын-сауық ойын объектілерінің (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар.
- Байланыс және телекоммуникация объектілері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922559-vakcina-almagan-qazaqstandyqtardyn-zumysqa-keluine-tyiym-salyndy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.