"Аяғынан айырылуы мүмкін": Павлодарлық әйел 7 жасар қызының еміне жанұшыра көмек сұрауда
Жарияланған күні:
Павлодарлық жеті жасар қыздың еміне қаржылай көмек қажет. Десмоидты фиброматоз диагнозы қойылған Інжудің ата-анасы көпшіліктен көмек сұрауға мәжбүр деп хабарлайды КТК арнасы.
Жеті жастан енді асқан Інжуді анасы ай-күні жетіп босанған. Бірақ дүниеге келген соң сол аяғында қатерлі ісік анықталыпты. Бастапқыда отандық дәрігерлер екі жыл бойына нақты диагнозын таппай, ота жасалса сал болып қалу қаупі бар екенін айтқан. Ал күн өткен сайын Інжудің аяғындағы ісік үлкейіп, жүруі қиынға соғады.
Ауруының дауасын елімізден таппаған Жангүл қызын былтыр ғана Түркияға емдетуге әкеткен. Стамбұлда ота жасалып, жарты келі ісікті алып тастаған. Алайда араға уақыт салып, қауіпті дерт қайта пайда болыпты. Енді оны толық жоюға бір жыл бойына химиятерапия алу керек. Құны 14 жарым мың доллар.
Қазір қолында небәрі 4 мыңға жуық доллары ғана жиналған қарапайым отбасы қалған қаражатты табуға қауқарсыз. Сондықтан жомарт жандардан көмек сұрауда. Көмек қолын созам деушілерге 8 705 153 52 52 телефон нөміріне хабарласуға болады.
Ем-дом жасалмаса, бүлдіршін бір аяғынан айрылып, мүгедек болып қалуы ықтимал.
"Біз туыстардың және халықтың жиналған қаржысының арқасында Түркияда ота жасатқанбыз. Мұндағы дәрігерлер қызымның аяғын сақтап қала алды. Алайда одан кейінгі қажетті ем-домын жалғастырмасақ, ісік қайта пайда боп, жағдайы ауырлауы мүмкін. Химиотерапияны бір жылға деп отыр. Ай сайын 1300 долллардан төлегенде 14 жарым мың доллар қажет. Баламның аяғын сақтап қалуыма көмектесулеріңізді сұраймын", - дейді Інжудің анасы Жангүл Жұманова.
Дереккөз: КТК
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922659-ayagynan-aiyryluy-mumkin-pavlodarlyq-aiel-7-zasar-qyzynyn-emine-zanusyra-komek-surauda/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.