Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Терроризммен күрес жөніндегі штаб Алматы тұрғындарына үндеу жасады

Опубликовано:

Сарбаз
Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб (АТКШ) Алматы тұрғындарына бүгін өтетін "Шілде-Антитеррор 2021" оқу-жаттығу іс-шарасына түсіністікпен қарауды сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желед штабтың мәліметінше, 16 шілдеде Бостандық ауданы, Орбита-3 ықшамауданы, 5г үй, №145 жалпы білім беретін мектеп маңында сағат 06:00-ден 13:00-ге дейін санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді.

Іс-шараның мақсаты - адамдар көп шоғырланған жерлерде террористік қауіп-қатер туындаған кезде әрекет ету дағдыларын пысықтау.

Оқу-жаттығулар террористік тұрғыдан осал нысандардағы терроризм актісінің жолын кесу механизмін жетілдіруге бағытталған.

"Осыған байланысты біз азаматтарды өткізіліп жатқан шараларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және оқу-жаттығуға жұмылдырылған мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауға шақырамыз. Тексерілмеген ақпараттар мен фото және видео суреттерді жариялаудан аулақ болыңыз.

Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы көрінеу жалған ақпаратты тарату Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес заңмен қудаланатынын еске саламыз", - деп атап өтті Алматы қалалық терроризммен күрес жөніндегі штаб.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" Кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратыны атап өтілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922668-terrorizmmen-kures-zonindegi-stab-almaty-turgyndaryna-undeu-zasady/

pixel