Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антирекорд: Елімізде бір тәулікте 5648 адам коронавирус жұқтырған

Опубликовано:

Алматы көшесінде44
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте 5648 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды деп хабарлайды coronavirus2020.kz/kz.

Айта кетейік, бұл пандемия басталғалы бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Сонымен өткен тәулікте короновирус жұқтырғандар көшін Нұр-Сұлтан қаласы бастады.

Елордада 15 шілдеде 1549 адамнан коронавирус анықталған. Екінші орында Алматы- 885 адам, үштікті Шымкент қаласы қортындылады. Үшінші мегополисте бір тәулікте 421 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған.

Аймақтар бойынша жағдай келесідей:

  • Ақмола облысы - 175
  • Ақтөбе облысы - 215
  • Алматы облысы - 188
  • Атырау облысы - 329
  • Шығыс Қазақстан облысы - 63
  • Жамбыл облысы - 77
  • Батыс Қазақстан облысы - 259
  • Қарағанды облысы - 746
  • Қостанай облысы - 116
  • Қызылорда облысы - 110
  • Маңғыстау облысы - 208
  • Павлодар облысы - 178
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 95
  • Түркістан облысы - 34.

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 477 754-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 3 012 адам індеттен жазылып шыққан.

Қазір 50 457 адам коронавирустан емделуде, олардың ішінде 16 186 пациент стационарда, 34 271 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

934 адамның жағдайы ауыр, 225 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 117 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Одан бөлек, коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша үш қала мен 10 облыс "қызыл аймақта" тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922669-elimizde-bir-taulikte-tagy-5-mynnan-asa-adam-koronavirus-zuqtyrgan/

pixel