Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлік үйге дейін жеткізіледі: Елімізде алғаш рет көлікті несиеге онлайн сатып алу іске қосылды

Опубликовано:

Көлік
Фото: Eurasian Bank

Қазақстанда алғаш рет үйден шықпай көлікті несиеге цифрлық сатып алу мүмкіндігі іске қосылды - барлық процестер онлайн режимде жүзеге асырылады. Көілкті дилердің веб-сайтында таңдай аласыз, камера және телефон нөмірі арқылы жеке басыңызды растайсыз, банк несиені 10 минут ішінде мақұлдайды, ал көлікті құжаттарымен бірге үйге дейін жеткізеді.

Бүгін Еуразиялық банк пен AllurAuto-ның баспасөз конференциясы барысында Қазақстанда несиеге көлікті онлайн түрде сатып алудың жаңа мүмкіндігі сөз етілді — олар екі жүйені біріктіру арқылы қызметті бірлесіп іске қосты.

Процесс 5 кезеңнен тұрады:

  1. AllurAuto веб-сайтында сізге көлікті және оның жинақтамасын таңдау керек.
  2. Көлік қай қалаға жеткізілуі тиіс екенін әрі көлікті қай автосалоннан жеткізу қажет екенін көрсетіңіз.
  3. Еуразиялық банктегі несие шарттарын таңдап, оны онлайн рәсімдеуге кірісіңіз.
  4. Биометрияны қолданып сәйкестендіруден өту қажет - банк сізден жеке куәлікті екі жағынан суретке түсіруді сұрайды және телефонның немесе компьютердің камерасы арқылы сіздің жеке тұлғаңызды тексереді. Артынша ЭЦҚ-ны құрады. Нәтижесінде сізге банкке келіп, құжаттарға қол қою қажет болмайды. Несие туралы шешім 10 минут ішінде қабылданады.
  5. Автосалон клиентке көлікті дайындап, оны эвакуатордың көмегімен үйіне дейін барлық құжаттарымен бірге жеткізеді.
Баспасөз жиыны
Фото: Eurasian Bank

Осылайша, сіз Chevrolet, KIA, Jac немесе Mitsubishi-ді несиеге ала аласыз, жоба Алматы мен Нұр-Сұлтанда пилоттық режимде іске қосылуда - артынша жобаның географиясы мен модельдер тізбегі кеңейеді.

"Үйден шықпай, тек ұялы телефон немесе басқа құрылғы арқылы онлайн режимде толыққанды несиелендіру мүмкіндігі — айтарлықтай сирек кездесетін жағдай. Мұндай серпінді жоба қолайлы цифрлық заңнама мен электронды үкімет қызметтерін дамытудың арқасында мүмкін болып отыр. Бұл орайда Қазақстан ТМД елдерінен әлдеқашан алда келеді - біз клиенттен телефон нөмірі мен жеке куәліктің сканерленген нұсқасын ғана сұраймыз, қалған мәліметтердің барлығын мемлекеттік деректер базасынан аламыз. Несиелеу туралы шешімді банк биометрия арқылы қабылдайды. Еуразиялық банк бірнеше жылдан бері жаңа көліктерді несиелендіру нарығында көш басында келе жатқанын және Allur тобы автомобиль сату бойынша рейтингтің алдыңғы шебінде екендігін ескеретін болсақ, бірлескен жоба тұтынушылардың көпшілігінің қажеттіліктерін өтей алады. Шын мәнінде, Allur цифрлық автосалонға айналуда, ал Еуразиялық банк автонесиелер саласында цифрлық банкке айналуда", - деді Еуразиялық банк төрағасының орынбасары Иван Белохвостиков.
Баспасөз жиыны
Фото: Eurasian Bank

Автосалон интернет-несие рәсімделгеннен кейін, клиентке багы жанармайға толы көлікті барлық құжаттарымен бірге алып келеді.

"Несие мақұлданғаннан кейін біз қарыз алушы туралы мәліметтерді өз жүйемізге қабылдаймыз - дилерлік орталықтардың менеджерлері оны нақты уақыт режимінде көріп, құжаттарды дайындауға кіріседі. Құжаттарға қол қойыла салысымен біз клиенттің орнына техникалық паспортты аламыз, көлікті есепке қоямыз, нөмір аламыз, көлікті эвакуаторға тиейміз және багы жанармайға толы көлікті Алматының немесе Нұр-Сұлтанның кез келген нүктесіне дейін нөмірімен, техникалық паспортымен және өзге де құжаттарымен жеткіземіз", - деді Allur компаниялар тобының цифрландыру жөніндегі басшысы Алмас Төлеубай.
Баспасөз жиыны
Фото: Eurasian Bank

Салонда сервистің барлық қолайлы жағдайларын пайдалана отырып, көлікті өз көзімен көру арқылы таңдағысы келетін клиенттер үшін QR кодтар жасалды - көлікті таңдағаннан кейін QR код арқылы онлайн рәсімдеуден өтіп, көліктің үйге дейін құжаттармен бірге жеткізілуін күте аласыз.

"Біз қазақстандықтар біздің өніміміздің қарапайымдылығы мен жылдамдығы сияқты артықшылықтарын, сондай-ақ банкке құжаттарды жедел тапсыру және қашықтықтан көлік сатып алу мүмкіндігін бағалайтынына сенімдіміз. Біздің жаңа сервисіміз қазірдің өзінде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындары үшін іске қосылған. Жақын арада бұл өнім Қазақстанның барлық тұрғындарына қолжетімді болады", - деді Allur компаниялар тобының бөлшек сауда жөніндегі басқарушы директоры Мұхамед Әлімханов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922693-kolik-uige-deiin-zetkiziledi-elimizde-algas-ret-kolikti-nesiege-onlain-satyp-alu-iske-qosyldy/

pixel