Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада карантин тәртібін бұзғандарға 159 млн теңге айыппұл салынды

Опубликовано:

Карантин тәртібін бұзғандар
Фото: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Елорданың мониторингтік топтары карантин тәртібін бұзған кәсіпкерлік субъектілерін анықтауды жалғастыруда, жұмыс тәулік бойы күшейтілген режимде жүргізілуде деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Көптеген өтініштерге, ескертулерге және әкімшілік жауапкершілікке тартылатынына қарамастан кейбір мекемелер жұмыс режимін сақтау жөніндегі талаптарды әлі күнге дейін елемей, бұқаралық іс-шаралар өткізеді, ал қызметкерлері бетперде тақпайды.

Мәселен, өткен тәулікте 16 шілдеде елордада карантин шектеулерін бұзған 8 кәсіпкерлік нысаны анықталды.

Сарыарқа ауданында белгіленген уақыттан кейін "Pei Zdes" лаундж-бары, "Атом" компьютерлік клубы және "Угол 4/1" бары жұмыс істеді.

Алматы ауданында орналасқан "Киш Миш" кафесінде, "Какие люди" барында, "Эхо" клубында да жұмыс режимінің бұзылуы анықталды.

Карантин тәртібін бұзғандар
Фото: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Сонымен қатар, Есіл ауданындағы "Inforno" мейрамханасы мен "VZлетный" ресто-бары сағат 22.00-ден кейін келушілерді қабылдауды жалғастырған. Ал "VZлетный" тіпті кальян шегу қызметін көрсеткен.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Айта кетейік, жыл басынан 15 шілдеге дейін елордада шектеу және карантин шараларын бұзғаны үшін жалпы сомасы 159 млн теңгеге 786 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Нұр-Сұлтанда қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалды, КВИ-мен ауырғандар санының күн сайын өсуін ескере отырып, қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормаларды және карантин режимінің талаптарын қатаң сақтау тиіс. Адам көп жиналатын орындарға барудан, іс-шаралар ұйымдастырудан аулақ болып, гигиенаның қарапайым ережелерін сақтау керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922865-elordada-karantin-tartibin-buzgandarga-159-mln-tenge-aiyppul-salyndy/

pixel