Қарағанды облысында биылғы оқу жылын дәстүрлі форматта өткізу жоспарланып отыр
Жарияланған күні:
Қарағанды облысының білім басқармасы карантиндік ахуалға қарамастан биылғы оқу жылын дәстүрлі форматта өткізуді жоспарлап отыр деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.
Облыстағы 500-ден астам білім нысаны қазір оқушыларды қабылдауға қызу дайындалып жатыр. Тек шектеу шаралары сақталады.
Былтыр Қарағанды облысындағы әр екінші мектепте жөндеу жұмыстары жүрді деп айтуға болады. Биыл да 146 білім беру нысанын ағымдық және күрделі түрде жөндеу жоспарланған. Ал, алтын ұя мектебін сағынған оқушылар биылдан бастап дәстүрлі түрде білім аларына қуанышты. Себебі өткен жылы білім деңгейі төмендеп кеткенін өздері де мойындайды.
Офлайн режимде оқу үшін талап бір. Ол ұстаздар қауымы 100% індетке қарсы екпе салдырған болу керек. Вакцинаны 18 жастан асқан колледж студенттері де жасайды. Ал, екпені медициналық қауіптен тыс салдырғысы келмеген ұстаздар қызметтен шеттетілуі мүмкін. Бүгінгі күні мұғалімдердің 84%-і екпе алған.
"Сабақтар бәрі бұрынғыша 45 минуттан өтеді. Кабинеттік жүйе жойылады. Егер оқушылар арасында індет шықса, сол ауырған бала оқыған блок қана жабылады Егер бұрын барлық мектеп 14 күнге карантинге кетсе, қазір бастауыш сыныптан ауырса, солар ғана кетеді, қалғаны оқи береді", – дейді білім басқармасының бөлім басшысы Гүлдана Нұрсұлтан.
Бүгінде 2,3 млрд теңгеге қажетті кітаптар да сатып алынған. Жақын арада санитайзерлік құралдар да алынады. Облыс бойынша 1 қыркүйектен бастап 209 мыңнан астам оқушы мектепке барады. Оның ішінде 22 мыңға жуығы бірінші сынып оқушылары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922869-qaragandy-oblysynda-biylgy-oqu-zylyn-dasturli-formatta-otkizu-zosparlanyp-otyr/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.