Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

40 градус ыстық, өрт қаупі, найзағай: Қазақстанда ертең ауа райы қандай болады

Жарияланған күні:

Аптап ыстық
Көрнекі сурет: pixabay.com

Еліміздің синоптиктері 19 шілдеге арналған ауа райы болжамын жасады. Метеорологтардың сөзінше, Қазақстанда 40 градус аптап ыстық болады деп хабарлайды Қазгидромет.

19 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз 38 градус қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысында кей жерлерінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі. Күндіз кей жерлерде 40 градус қатты ыстық сақталады. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с. Күндіз кей жерлерде 40 градус қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының кей желерінде найзағай күтіледі. Түнде кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 19 шілдеде кей жерлерінде 35 градус ыстық сақталады. Кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922934-40-gradus-ystyq-ort-qaupi-naizagai-qazaqstanda-erten-aua-raiy-qandai-bolady/