jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Шымкентте 100 адамға арналған тағы бір той тоқтатылды

    той
    Видеодан кадр: Шымкент қаласы полиция департаменті

    Шымкент полицейлері қалада карантин талаптары күшейтілгеніне қарамастан қыз ұзату өткізбек болғандарды тоқтатты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Полицияның мәліметінше, қызды ұзатуға 100 шақты қонақ келген. Алайда қазіргі уақытта бірнеше адамның жиналып, іс-шара өткізуіне рұқсат жоқ.

    "Тәртіп сақшылары тойды тоқтатып, карантин талаптарын бұзбау керектігі туралы түсіндірме әңгіме жүргізіп, келгендерді таратты.

    Аталған факті бойынша жиналған материалдар қыз ұзатуды ұйымдартырғандарға қатысты тиісті шара қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды", - деді полиция.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте екі жүз адам қатысқан ұзату той тоқтатылған еді.

    Тәртіп сақшылары 2021 жылдың 10 шілдесінде сағат 14:04-те Шымкент қаласында орналасқан “Шымкент холл” мейрамханасы карантиндік шектеулерді бұзып, келушілерді қабылдап жатқанын анықтаған.

    Ведомство қызметкерлер мен даяшылар ғимарат ішінде бір реттік бетпердені тақпай қызмет көрсеткенін хабарлады.

    Сонымен қатар 200 адамға арналған “Қыз ұзату” тойын өткізіп жатқаны белгілі болды.

    Аталған жайт бойынша карантин талаптарын сақтамай, жұмысын жалғастырған мейрамхана әкімшісінен түсініктеме алынды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.