Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ЛГБТ туын отқа жаққан блогерге пародия жасаған елордалық ару желіні жарды (видео)

Опубликовано:

Фото
Фото: Instagram/eto_astana_detka

Желіде ЛГБТ туын отқа жаққан танымал блогер Мерей Жолшыға пародия жасаған елордалық арудың видеосы тарады. Оқырмандар әзіл-шыны аралас видеоны көріп, күлкіге қарық болғандарын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Елордалық стендапшы, әзілкеш Зарина Байболованың видеосы желідегі танымал парақшалардың бірінде пайда болды. Онда бойжеткеннің блогер Мерей Жолшы сияқты Pop it ойыншығын отқа тастағанын анық көруге болады.

Сондай-ақ, видео авторы "Елордалық ару "Pop It"-ті жаққан ер адамның видеосына пародия түсірді. Стендап-комик Зарина Байболова видео түпнұсқасын әзілдеп отыр" деп жазған.

Бір қызығы, бойжеткен жасөспірімдер арасында кеңінен танымал болған Pop it ойыншығымен бірге балалар ойыншығы "пирамиданы", "Свинка Пеппа" атымен танылған торайды және қуыршақты отқа тастаған.

Желі қолданушыларын әзілкештің бұл видеосы күлкіге қарық қылған.

"Қатырасыз", "Неше түрліні ойлап шығарады қазіргі жастар, әлі күлкімді тыя алмай жатырмын", "Сізге артист болу керек екен, Мерей Жолшыны айнымай келтіріп тұрсыз", "ЛГБТ туын жаққаны жақсы-ақ, бірақ блогердің "Pop It"-те несі барын сол күйі түсінбедік", "Мына видео мың рет көріп, күле беремін, дәл келтіріпсіз", "Жарайсыз, бәрекелді, әзіл-шыны аралас видео деп осыны айт" деп жазған олар.

Естеріңізде болса, бұған дейін танымал блогер Мерей Жолшының ЛГБТ туы мен Pop it ойыншығын отқа тастаған видеосы желі қолданушылары арасында қызу талқыға түскен еді. Оқырмандардың бірі "Нағыз қазақ жігіті осындай болу керек", "Өте дұрыс Мерей, сізбен келісемін" деп қолдау көрсетсе, енді бірі "Болмайтын видео, несіне талқылайсыздар?", "Хайп қуып жүрген блогерге ұқсайды" деп сынап тастаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922970-lgbt-tuyn-otqa-zaqqan-blogerge-parodiya-zasagan-elordalyq-aru-zelini-zardy-video/

pixel