Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үлкен тәтелермен болдым": Интимдік қызмет көрсетіп байыған "альфонс" жігіт сырымен бөлісті

Опубликовано:

Фото
Фото: pixabay.com

Танымал отандық блогер, "Баспанаға бағыт" жобасымен танылған Дәулет Мұқаев желідегі парақшасына альфонс жігіттің хатын жария етіп, көпті елең еткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Блогердің айтуынша, бұрындары альфонс болып "қызмет етіп" ақша тапқан оқырмандарының бірі оған хат жазыпты. Онда ол жасы үлкен әйелдерге қызмет көрсетіп, осы жолмен жинаған ақшасына бизнес ашқанын мәлімдеген.

"Мына хатты жазбас бұрын ұзақ ойландым. Бірақ өзгелерге үлгі болса екен деймін. Сізді үнемі оқимын және жасырын болғанын қалаймын. Жасым 25-те. Бой десе бойым, ой десе ойым бар азаматпын. Түрім де, сауатым да бар.

Айтайын дегенім мен альфонс болып ақша тауып жүрдім. Жағдайы бар әйел-қыздардың, үлкен тәтелердің қасында. Оларға интимді қызмет көрсеттім. Табысым жаман болмады. Осылай жүріп 4 жылдай жұмыс істедім.

Сол ақшаға өзіме автозапчасть қасында СТО-сы бар бизнес аштым. Сіз үнемі адал ақша тап деп айтып отырасыз, ерлерге арналған сабағыңызға да қатысқанмын. Сол сабақ біраз ойымды өзгертті",-деп хатты бастаған 25 жастағы жігіт.

Альфонс болып ақша тапқан азамат тапқан қаражатына бизнес ашқанымен, одан бір-ақ күнде айырылғанын айтқан.

"Шынымен де арам ақша ұзаққа бармайды екен. Оған 100% көзім жетті. Өткен айда сол СТО, дүкенім толығымен өртеніп кетті. Мен ештеңесіз қалдым. Тек жилстройда 50000 қалды. Бірақ менің ойыма сіз әсер еттіңіз.
Бұрынғы клиенттер звондайды, бірақ мен бұл жолдан өзіме іштей жоқ дедім. Бұл хатты жеңілдеп қалу үшін де жаздым. Оқисыз ба, оқымайсыз ба оны білмедім. Басқалар адал ақша тапса екен. Мен тәубеме келдім. Сіздің барыңызға рахмет. Алла разы болсын. Жаман жолды таңдамайық. Сіз үнемі айтатын адалдықтың арқаны ұзын",- деп жазған жігіт.

Желі қолданушылары хатты жазған ер адамды сынап тастаса, енді бірі оны ақтап алуға тырысқан.

"Алла сақтасын, түзу жолға түскеніңе шүкір", "Қиын жағдай, дер кезінде ес жиыпсың бауырым", "Әрине адал жолмен ақша тапқанға не жетсін, ол қатеңді кеш те болса түсінгеніңе тәубе", "Алла жар болсын, қиын болыпты" деген пікірлерін жаудырған желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922990-ulken-tatelermen-boldym-intimdik-qyzmet-korsetip-baiygan-alfons-zigit-syryn-bolisti/

pixel