Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бөліп төлеу харам ба?": Көптің көкейінде жүрген сұраққа мешіт қызметкері жауап берді

Опубликовано:

Рассрочка
Мақсатбек. Скриншот: видеодан алынды

"Әзірет Сұлтан" мешітінің ұстазы және Ислами қаржы саласының магистрі Мақсатбек Қайырғалиев отандық банктердегі бөліп төлеу қызметін пайдаланудың үкімі қандай екенін айтып берді. Бұл туралы ол Mahrab.kz подкастында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қайырғалиевтің айтуынша, бөліп төлеу ислам қағидаттарына қарсы келмейді.

Дегенмен, дәл қазіргі кезде мұндай қызметті тұтынушылар бөліп төлеудің келісімшартын оқуы керектігін атап өтті. Себебі, көп жағдайда бөліп төлеудің астарында үстеме жатуы мүмкін, дейді ол.

"Бір нәрсенің ақшасын бөліп төлеуге рұқсат. Мәселен, телефонымды саған қолма-қол ақшаға жүз мыңға сатамын. Қазір алсаң, жүз пайыз арзанырақ сомаға беремін. Ал бөліп төлеуге келсек, екі айға рұқсат бердім делік. Толық сомасын осы уақыт ішінде қайтаруың керек. Алайда, бағасын қымбатырақ сатамын.

Оның барлығы маркетингтік тәсілдер. Оны шариғатта қолдануыма болады. Бірақ қазіргі қолданыстағы бөліп төлеуге келсек, сауда-саттық екі адамның, сауда жасаушы және сатып алушы арасында болады. Ал бізде бұған үшінші жақ, банк немесе қандай да бір кредит беретін ұйым араласып отыр деген сөз. Сол үлкен проблема.

Бізде оның ешқандай айырмашылығы жоқ деп айтады. Мен кез келген дүкеннен барып, кір жуатын машина қараймын. Басқа дүкенде де солай, ешқандай пайызы жоқ дейді. Бірақ келісімшартты оқу керек. Затты дүкен сатып жатыр, бірақ ақшаны банктен алады. Банктен кредит алады. Пайызбен, яғни харам нәрсеге. Банк оған 100 мың береді. Бірақ екі ай кешіктірсең, үстеме төлеп, 150 мың етіп қайтарасың. Оны кішкентай қаріптермен жазып қояды. Оны қазақбайшылыққа салып, оқымаймыз да. Бірақ оқу керек. Сонда бәрі жазылған.

Кредиттік ұйым араласқанда, ол саған пайыз қосады. Сонда оны қалай дұрыс деп айтамыз. Сол үшін келісімшартты оқу керек. Қарапайым адам түсінеді оқыса. 100 мың деп тұрған соң, былайша қарағанда айырмашылығы жоқ", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923069-bolip-toleu-xaram-ba-koptin-kokeiinde-zurgen-suraqqa-mesit-qyzmetkeri-zauap-berdi/

pixel