Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев карантин талаптарын бұзғандар үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды

Жарияланған күні:

Адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді. Жиын барысында президент "жасыл" және "сары" мәртебесі болса да, қоғамдық орындарға баратын қазақстандықтар туралы сөз қозғады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі Twitter парақшасында.

"Соңғы уақытта індет жұқтырғандар мен байланыста болғандар, яғни "қызыл" және "сары" мәртебесі бар адамдардың қоғамдық орындарға баруы жиі тіркелуде. Бағдарлама оларды анықтаған кезде ниеті теріс адамдар басқа демалыс орындарын іздеуге ұмтылады.

Мұндай жауапсыз тұлғалар айыппұлдан қорықпайды немесе ешкім оларға айыппұл салмайды. Әйтпесе, ЖСН-ді және иммундық мәртебені тіркеу жүйесі бар ғой. Азаматтар осындай жауапсыздықтары үшін жазалануы тиіс. Карантиндік шектеулерді сақтау талаптарын қатаңдатуды тапсырамын", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы елде коронавирус жұқтырғандар санының күрт өскенін айтқан еді.

"Соңғы кезде коронавирус жұқтырғандардың саны күрт артып кетті. Күн сайын 5 мыңнан астам науқас тіркелуде. Бір апта бұрын осы мәселені үкіметтің кеңейтілген отырысында қарастырдық. Сол кезде үкімет ахуалды бақылауда ұстап отырмыз деп мәлімдеген болатын. Бірақ, өкінішке қарай, жағдай жақсаратын емес. Керісінше, эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады. Әсіресе, елордадағы жағдай өте күрделі", - дейді президент.

Оның сөзінше, қазір алда тұрған мақсат - адам өмірін сақтап қалу. Ал оның бір ғана жолы - жаппай вакцинация.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923080-prezident-karantin-talaptaryn-buzgandar-usin-zazany-qatandatudy-tapsyrdy/