jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Белгілі қазақстандық кардиохирург өмірден өтті

Серік Бекбосынов11
Серік Бекбосынов. Фото: instagram.com/heartcenter.kz

Белгілі қазақстандық кардиохирург Серік Темірханұлы Бекбосынов қайтыс болды. Бұл туралы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы Instagram парақшасында хабарлады.

Серік Бекбосынов 41 жасында өмірден өткен.

"Әріптестер мен пациенттер оны мейірімділігі пен кәсібилігі үшін жақсы көрді және құрметтеді. Жүрек орталығының ұжымы Серік Темірханұлының туған-туыстарына, жақындары мен достарына көңіл айтады! Ол туралы жарқын естеліктер біздің жүрегімізде мәңгі қалады!", - дейді Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы.

Айта кетейік, Серік Темірханұлы - №2 кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі және жүрек-қантамыр хирургиясы саласындағы үздік мамандардың бірі болған.

Сонымен қатар, ол жүректің жасанды сол қарыншасын имплантациялау бойынша операция жасаған әлемдегі ең жас кардиохирург.

Серік Бекбосынов "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төс белгісімен, Ұлттық награда-"Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған. Сондай-ақ, тұңғыш президент қорының лауреаты.

Белгілі қазақстандық кардиохирург өмірден өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.