Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус салдары өмір бойы сақталуы мүмкін: Дәрігер мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Сынамалар
Көрнекі фото: Amilcar Orfali/Getty Images

Коронавируспен ауырған адамдарда сырқат салдары үш айдан өмір бойына дейін сақталуы мүмкін деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Көп жағдайда постковидтік синдром байқалады. Адамдардың төрттен үш бөлігінде бұл синдром он екі аптаға дейін созылады. ал қалғандарында 12 аптадан өмір бойына дейін жалғасуы ықтимал", - деді жоғары санаттағы дәрігер Алексей Водолазов.

Оның айтуынша, бұл синдромның белгілері жиырмадан алпысқа дейін жетеді. Мәселен, бас, буын, бұлшықеттер, кеуде тұсы ауырып, ұйқы бұзылуы мүмкін. Кей кезде депрессия болып, когнитивтік функциялар өзгереді.

Дәрігер мұндай жағдайдың себебі әлі белгісіз деп отыр. Ол сырқаттан тез қалыпқа келу үшін жаттығулар жасап, көбірек жүруге кеңес берді.

Коронавирустан кейін жүйе жүйесін ретке келтіруге де мән беру керек.

Айта кетейік, СҚО-да бір жасар сәби коронавирустан көз жұмды. Өңірдің денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы 10 күнде аймақта коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдай нашарлап кеткен.

Шілде айының басында инфекциялық стационарларға тәулігіне 20 шақты адам ғана түссе, соңғы үш күннен бері күнделікті оттегі баллонына тәуелді 50 адамнан түсіп жатыр. 1 шілде күні облыстағы инфекциялық стационарларда 670 орын болып, ол 27%-ға ғана толық болса, 19 шілдедегі жағдай бойынша төсек-орын саны 830-ға жеткен.

Қазір олар 47%-ға толық. Сырқаттанып ем алып жатқандар 167-ден 393-ке дейін жеткен. Жағдайы ауыр науқастардың саны күрт артып, 17-ден 28-ге дейін өскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923203-koronavirus-saldary-omir-boiy-saqtaluy-mumkin-dariger-malimdeme-zasady/