Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да бір жасар сәби коронавирустан көз жұмды

Опубликовано:

Сәби
Көрнекі сурет: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысындағы инфекциялық стационарда соңғы күндері коронавирус жұқтырған 4 адам көз жұмған. Олардың бірі бір жастан екі ай асқан сәби деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде соңғы 10 күнде коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдай нашарлап кеткен.

Шілде айының басында инфекциялық стационарларға тәулігіне 20 шақты адам ғана түссе, соңғы үш күннен бері күнделікті оттегі баллонына тәуелді 50 адамнан түсіп жатыр.

1 шілде күні облыстағы инфекциялық стационарларда 670 орын болып, ол 27%-ға ғана толық болса, 19 шілдедегі жағдай бойынша төсек-орын саны 830-ға жеткен. Қазір олар 47%-ға толық.

Сырқаттанып ем алып жатқандар 167-ден 393-ке дейін жеткен. Жағдайы ауыр науқастардың саны күрт артып, 17-ден 28-ге дейін өскен.

Ведомствоның дерегінше, күнде жансақтау бөлімшесіне 7 науқастан түсуде. Өкпені жасанды желдету аппаратында жағдайы өте нашар 11 науқас жатыр.

"Соңғы үш күнде инфекциялық стационарларда ем алып жатқан 4 адам COVID-19-дан қайтыс болды. Олардың біреуі – жастан екі ай ғана асқан сәби. Көз жұмғандардың ешқайсысы да вакцина алмаған. Сәби де, оның анасы да коронавирусты екпе алмаған туыстарынан жұқтырған", - дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.

Мамандардың айтуынша, коронавирусқа қарсы екпе алған адам қауіпті инфекцияны жұқтырған жағдайда да, ол жеңіл өтеді.

Ең бастысы – мұндай адамның айналасындағыларға келтірер қаупі төмен. Ал вакцинациядан өтпегендер COVID-19-бен ауырған жағдайда екпе алуға болмайтын топқа яғни балаларға, аяғы ауыр әйелдерге, бала емізетін әйелдерге, денсаулығы нашар адамдарға жұқтыуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923138-sqo-da-bir-zasar-sabi-koronavirustan-koz-zumdy/

pixel