Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аз қамтылған отбасыларға баспана: Қызылордада жалға берілетін қанша тұрғын үй салынып жатыр

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Қызылорда облысында жалға берілетін 54 көпқабатты үй салынып жатыр. Онда барлығы 945 пәтер орналасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен тұрғын үй құрылысы мәселелері жөнінде жиында тұрғын үй мәселесіне қатысты бірқатар ақпарат назарға ұсынылды.

Биыл Қызылордада Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 590 пәтерлі көпқабатты 12, Шиелі ауданында 72 пәтерлі 4, Сырдария ауданында бір қабатты 33 тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

2021 жылдың қорытындысы бойынша өңірде жалға берілетін 695 пәтерлі 49 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Оның ішінде, 232 пәтер халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына, 463 пәтер аз қамтылған көпбалалы отбасыларға бөлінеді.

Биыл аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін жалға берілетін 342 пәтерді сатып алу мақсатында Ұлттық қордан қаражат бөлінді. Оның ішінде Қызылорда қаласында - 192, аудандар бойынша Аралда - 35, Қазалыда - 35, Қармақшыда - 10, Жалағашта - 20, Сырдарияда - 10, Шиеліде - 20, Жаңақорғанда - 20 үй сатып алынады.

Сонымен қатар, Байқоңыр қаласында жалға берілетін 250 пәтерлі 5 үйдің құрылысы басталады деп жоспарлануда.

Жиын барысында облыс әкімі Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаевқа қысқа мерзімде барлық тұрғын үйлерді абаттандыру мәселесін шешуді міндеттеді. Нәтижесінде қазан айынан бастап кезекте тұрған азаматтарды қоныстандыру қамтамасыз етілуі тиіс.

Одан бөлек, Сырдария ауданына қарасты елдімекендердегі жалға берілетін 33 тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, аз қамтылған көпбалалы отбасыларды кезегі бойынша қоныстандыруды 1 қыркүйекке дейін аяқтау қажет.

Ал Шиелі кентіндегі 72 пәтерлі 4 жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, тұрғындар онда желтоқсан айына дейін қоныстануы тиіс. Байқоңыр қаласындағы 5 үйдің құрылысы бақылауға алынып, аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін пәтерлерді сатып алудың биылғы жоспарын орындау қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923209-az-qamtylgan-otbasylarga-baspana-qyzylordada-zalga-beriletin-qansa-turgyn-ui-salynyp-zatyr/

pixel