RU

Өткен тәулікте елде коронавирустық пневмониядан 8 адам көз жұмды

Өлім-жітім1
Көрнекі фото: piqsels.com

2021 жылғы 21 шілдедегі жағдай бойынша коронавирус белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

"19.07.2021 ж. коронавирус белгілері бар пневмонияның 227 жағдайы және 8 өлім жағдайы тіркелді.

Оған қоса, 75 адам емделіп шықты. 13 наурыздан 2020 ж. барлығы: ауырғандар – 58 883, 3 562 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 53 605-ке жетті", – делінген ресми хабарламада.

Еске сала кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 5179 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, ел бойынша ауырғандар саны 504 290-ға жетті.

Жақында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізген еді. Жиын барысында президент "жасыл" және "сары" мәртебесі болса да, қоғамдық орындарға баратын қазақстандықтар туралы сөз қозғады.

Оған қоса, президенттің айтуынша, адамдардың вакцинадан бас тартуының өз себептері бар, олармен жұмыс істеуде әртүрлі тәсілді қолдану қажет.

"Батыстың кейбір дамыған елдері сендіру әдістерінен мәжбүрлеу шараларына ауысуда. Ірі еңбек ұжымдарының қызметімен байланысты ерекше жағдайларды қоспағанда, біз мұндай қадамға бармаймыз. Өйткені "қыңыр" антиваксерлердің шағын тобы кесірінен өз еңбегімен отбасыларының әл-ауқатын қамтамасыз етіп жүрген азаматтарымыздың денсаулығына қауіп төндіре алмаймыз", – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923216-qazaqstanda-pnevmoniyadan-8-adam-koz-zumdy/