jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Елімізде жаңа тұрғын үй бағдарламалары іске қосылмақ

Баспана
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанда мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары кезең-кезеңімен аяқталып, келесі жылы жаңа бағдарламалар іске қосылады. Бұл туралы брифингте Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді деп жазады dauletten.kz сайты.

Өскенбаевтың айтуынша, қазіргі кезде баспаналы болу мүмкіндігін кеңейту мақсатында қыркүйек айына арнайы мәжіліске заңнамалық құжаттар әзірленіп жатыр.

"Отбасы банкінің мүмкіндіктері кеңейіп, азаматтардың санаты бойынша баспана алуға жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Яғни, бұрын үй кезегінде тұрған барлық қатысушыларға талап бірдей болса, қазір азаматтарды санаты және табысы бойынша бөлуді ұсынамыз. Өйткені баспана кезегінде тұрған азаматтар арасында мемлекеттік қызметкерлер мен әлеуметтік қамтамасыз етілген басқа да санаттар бар", - деді ол.

Одан бөлек, вице-министр жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау тетігі енгізілетінін алға тартты.

"Баспана алуға мүмкіндігі бар азаматтар 2%-бен, ал табыс көзі жоғары санат 5%-дан сәл жоғары мөлшерлемемен баспана ала алады. Тұрғын үй алудың осындай сатысын іске қосамыз", - деді Қайырбек Өскенбаев.

Сонымен қатар ол "7-20-25" және "Баспана хит" тұрғын үй бағдарламалары келесі жылдан бастап нарықтан кезең-кезеңімен жабылатынын еске салды.

Өскенбаев қазақстандықтар арасында жоғары сұранысқа ие болған қайталама нарықтан үй сатып алуға мүмкіндік беретін "Баспана хит" бағдарламасы жабылғанымен, бастапқы тұрғын үйлердің салыну маңыздылығын айтты.

Алдағы уақытта Отбасы банкінің мүмкіндіктерін ұлғайту немесе екінші деңгейлі банктерге нарықтың осы сегментін ұстап, азаматтарға тұрғын үй алуға мүмкіндік берілетінін атап өтті.

Елімізде жаңа тұрғын үй бағдарламалары іске қосылмақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.