Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өрт болды": Нұрболат Абдуллиннің Алакөлдегі концерті қызу талқыға түсті (видео)

Опубликовано:

Нұрболат
Нұрболат Абдуллин. Фото: instagram.com/nurbullin/

Танымал әнші Нұрболат Абдуллин Алакөл жағасында демалушыларға концерт берді. Өнер иесі кішігірім концерттің үзіндісін өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған. Мұндай мәдени іс-шараларды сағынған жұрт әншімен бірге қосыла ән салған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нұрболат Абдуллин концертін Алакөл жағажайындағы демалыс орындарының бірінде берген.

Видеодан жиналған тыңдармандар саны аз емес екендігін байқауға болады. Өнер иесінің желіге жариялаған видеосына желі қолданушылары түрлі пікірлерін білдірген.

Бірі карантин кезінде мұндай концерттердің өтуін сынға алса, енді бірі осындай шараларды сағынғандарын айтады.

"Тамаша өтті концерт. Барлық әндеріңізге қосылып шырқап билеп тұрдық. Рахмет. Харизма өрт", "Сағындық қой осындай концерттерді. "Карантин қайда, бізді Атырауда қырып жатыр ғой, бәрін жауып", - деп жазды желі қолданушылары.

Десе де, әншінің концерті Алакөлдің қай жағалауында өткені белгісіз.

Себебі, Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал бойынша "қызыл аймақта", ал Шығыс Қазақстан облысы болса, "сары аймақта" тұр.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрболат Абдуллин 14 келі салмақ тастағанын айтқан болатын. Ол қазіргі сымбатты дене бітіміне сабырлылық пен шыдамдылықтың арқасында қол жеткізген.

"Уақыт өте түсіне бастадым, сахнаның өзіндік сәні, формасы барын. Тәтті тамақтардан бас тарту үшін үлкен шыдамдылық керек екен. Үйрендік. Қалыпқа келе бастағанда қатарға қосылдым", - дейді өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923251-ort-boldy-nurbolat-abdullinnin-alakoldegi-koncerti-qyzu-talqyga-tusti-video/

pixel