Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығын 450 млн теңге: Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

Жарияланған күні:

қаржы пирамидасы11
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде тағы бір қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды. Келтірілен шығын 450 млн теңге. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, Қаржы мониторингі агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті "LV Force" қаржы пирамидасының заңсыз қызметінің жолын кескен.

Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде аталған ұйымның Шымкент, Алматы қалалары мен Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы бөлімшелері жабылған.

Қаржы пирамидасына 2 мыңнан астам адам тартылған. 450 млн теңге шығын келген.

"Қазіргі уақытта алаяқтық схеманың негізі ұйымдастырушысы екі айға қамауға алынды", - дейді агенттіктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Finiko" компаниясы қаржы пирамидасы болып шыққанын жазған едік.

"Finiko пайдаланушыларға "Сyfron Sapital OÜ" платформасында cryptocurrency және басқа инвестициялық құралдарды сатып алуды ұсынады.

Мамандардың айтуынша, аталған компания "жылжымайтын мүлікті, автомобильдерді сатып алуға, міндеттемелерді өтеуге және инвестициялауға байланысты жағдайларды имитациялайтын ойын алаңы" болып шыққан.

Одан бөлек, Алматыдағы "Astra Consulting agensy" ЖШС қаржы пирамидасы ретінде танылған болатын.

Қалалық тергеу басқармасының мәліметінше, осы компанияның басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты алғашқы арыз полицияға 2019 жылдың желтоқсанында түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923343-sygyn-450-mln-tenge-qazaqstanda-tagy-bir-qarzy-piramidasy-anyqtaldy/