RU

Цой: Маған ерік берсе, біз бәріне вакцина салатын едік

Алексей Цой
Алексей Цой. Фото: primeminister.kz

Денсалуық сақтау министрі Алексей Цой "Время" басылымына сұхбатында халықты жаппай вакциналау мәселесіне қатысты ойын айтты.

Министр "күзге дейін 10 миллион адамға вакцина салынуы мүмкін екеніне сенесіз бе?" деген сұраққа жауап берді.

"Оларға вакцина салынғанын қалаймыз. Сендіруге тырысудамыз. Бірақ бұл азаматтардың өзіне де байланысты. Егер маған ерік берсе, әрине, біз бәріне вакцина салатын едік. Себебі, біз, дәрігерлер, мұның орынды екенін түсінеміз.

Бірақ ескеретін тағы бір жағы бар - таңдау құқығы. Біз үшін вакцинацияның құқықтық деңгейде әрі азаматтардың саналы шешімімен жүзеге асырылғаны өте маңызды... Күзге дейін вакцина салдырғандар саны 10 миллионға жетпесе де, біз халықтың белгілі бір бөлігіне екпе саламыз, бұл бізге вирустың таралуын тоқтатуға мүмкіндік береді", - дейді Алексей Цой.

Министр вакцина салдыруда уақыт жоғалтпаудың маңыздылығын атап өтті.

"Коронавирустың уақыт қалдырмайтынын түсінуіңіз керек. Біз қазіргі кезде коронавируспен ауыратындардың 98 пайыздан астамы вакцина салдырмағанын көріп отырмыз. Ауырғанша күту керек пе? Сіз өзіңізді қорғау мүмкіндігін жіберіп алудасыз. Адамдар вакцинаның қорғайтынын түсінуі біз үшін өте маңызды.

Иә, біз вакциналарды нарыққа көбірек шығарғымыз келеді, бірақ маңыздысы бренд емес, вакцинаның тиімділігінде... Тағы да қайталап айтамын, таңдап, күтіп отырудың қажеті жоқ. Брендтерге қарамай вакцина салдырыңыз. Ең бастысы - уақытында үлгеру, ең қиыны - кеш қалу", - дейді министр.

Ескерту! Аталмыш материалды "Время" ЖШС" басылымының рұқсатынсыз көшіріп басуға және таратуға тыйым салынады!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923397-coi-magan-erik-berse-biz-barine-vakcina-saldyrar-edik/