Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қоғам белсендісі тоқал алуға үгіттейтін "діншілдерге" қарсы шықты

Опубликовано:

Екі әйел алу мәселесі
Көрнекі сурет: aif.ru

Отандық публицист, философ, қоғам белсендісі Әбдірашит Бәкірұлы өзінің Facebook желісіндегі парақшасында "тоқал алуды" үгіттейтін "діншілдерге" қарсы шықты. Ғалымның пікірінше, тоқал алу арқылы елдегі демографияны көтеру мүмкін емес, бірнеше әйел алумен қоғамдағы өзекті мәселелер шешілмейді.

Әлеуметтік желілерде түрлі проблемалар жөнінде ашық жазатын қоғам белсендісі "тоқал қазақты ұшпаққа шығармайды" деп мәлімдеді.

Өз жазбасында ол, сонымен бірге, балаларын тірі жетім қалдырып, ажырасып кететін "діншілдерді" сынады.

"Негізі, бұл тақырып қоғам үшін аса маңызды мәселе емес. Тоқал қоғамның еш мәселесін шешпейді. Оны тек қайғылы жағдай болса ғана жесірді алумен (ағайын-туыс батасымен) жалғаса болады... Ал тоқалмен ел демографиясы түзелмейді. Керісінше, ол демографияны кері кетіретін, ағайындық бауырмалдықты (әсіресе, күндестен туатын балалар арасында), бірлікшіл дәстүрдің тамырын суалтатын құбылыс. Бірлі-жарым позитив "тоқалдық" бізге үлгі болмауы тиіс!
Мысалы, "төрт қатын" деп көп айтатын діншілдердің арасында жетіскені жоқ. Көбі төрт не одан көп ажырасып, балаларын тірі жетім етті. Балалар әкені жек көріп өскен соң, олар да болашақта "әкеден асып", отбасыда тұрақтамайды... Өз баласын көкек секілді тастап жүре береді...", - деп өз наразылығын білдірді ғалым.

Оның айтуынша, бірнеше әйел алуға құмарлық ер адамдарға тек арқылы келеді. Сондықтан, молдалар көп әйел алуды емес, берекелі отбасы құндылығын насихаттауы керек.

"Демографияның алтын қазығы - берекелі, татулығы жарасқан отбасыда. Молдалар осыны уағыздауы тиіс - "жұмақтағы көп қатынды қазір көрсем" деп сілекейлерін шұбыртпай....Одан әрі, қазақта тектілік деген бар... Осыны да ойлау керек. Мысалы, мен "көпқатыншылардың" ақылы етектен төмен деп санаймын.... (Маньяктыққа жақын).
Олардан тараған ұрпақ та гендік тұрғыда оларды қайталауы бек мүмкін... (Қалай дегенмен де, мұны медицина жоққа шығармайды). Ал тарих дана адамдардан ұрпақ аз болатынын көрсетуде. Өйткені, даналардаң ойы - даналықта", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923641-qogam-belsendisi-toqal-aluga-ugitteitin-dinsilderge-qarsy-syqty/

pixel