Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустан қорыққан отбасы 15 ай бойы үйден шықпаған

Опубликовано:

15 ай үйден шықпаған отбасы
Фото: Андхра-Прадеш полициясы / Twitter

Үндістанның Андхра-Прадеш штатындағы Кадали ауылында үш адамнан тұратын отбасы коронавирус жұқтырудан қорқып, 15 ай бойы шатырынан шықпаған. Салдарынан олардың денсаулығы айтарлықтай нашарлаған деп хабарлайды hromadske.ua.

Ауыл басшысы Чоппала Гурунаттың айтуынша, отбасы 2020 жылы көктемде көршісінің бірі коронавирустан көз жұмған соң, шатырында оқшалануды жөн санаған.

"Олар COVID-19-дан қорқып, соңғы 15 айда сыртқа шықпаған", - дейді Чоппала Гурунат.

Оның сөзінше, медициналық қызметкерлер немесе еріктілер үйлерді аралап жүргенде отбасы тұратын шатырды байқаған. Бірақ онда ешкім тұрмайды деп ойлаған, өйткені іштен ешкім жауап бермеген екен.

Ал отбасыны сол маңдағы тұрғындардан жаңа үй бағдарламасы жайлы сұрастырып жүрген ерікті тауып алған. Ол бірден жергілікті билікке хабарлаған. Олар полиция шақырып, отбасыны ауруханаға жеткізген.

"Тәртіп сақшылары отбасын "өте аянышты" жағдайда тапты", - дейді Гурунат.

"Олардың шашы өсіп кеткен, тіпті таралмаған. Көптен бері душ қабылдамаған. Олар дереу мемлекеттік ауруханаға жатқызылды. Қазір сонда емделіп жатыр", – деп қосты ауыл басшысы.

Чоппала Гурунаттың сөзінше, бұл жанұя екі-үш күннен кейін табылғанда, тірі қалмас еді.

Айта кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес 1,3 миллиард тұрғыны бар Үндістанда 31 миллионнан астам адамнан коронавирус анықталған, оның 419 мыңы қайтыс болған.

Елде коронавирусқа қарсы вакцинаны 87 миллионнан астам адам салдырған. Бұл жалпы халықтың 6,4%-ын құрап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923680-koronavirustan-qoryqqan-otbasy-15-ai-boiy-uiden-syqpagan/

pixel