Тағы да антирекорд: Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны жарияланды
Жарияланған күні:
Өткен тәулікте Қазақстанда анықталған COVID-19-ды жұқтыру жағдайларының статистикасы жарияланды. Деректер Coronavirus2020.kz ресми сайтында пайда болды.
Елімізде өткен тәулікте 6521 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды. Бұл пандемия басталғалы бері тіркеліп отырған абсолютті антирекорд. Бұған дейінгі антирекорд бір күн бұрын тіркелген, ол кезде 6119 адам дертті жұқтырған болатын. Вирус жұқтырғандар саны бойынша көшті әлі күнге дейін Алматы және Нұр-Сұлтан қаласы бастап тұр - екі қалада да науқастар саны 1000-нан асады.
Аймақтар бойынша дертті жұқтырғандардың саны келесідегідей:
Нұр-Сұлтан қаласы - 1522,
Алматы қаласы - 1080,
Шымкент қаласы - 507,
Ақмола облысы - 193,
Ақтөбе облысы - 250,
Алматы облысы - 220,
Атырау облысы - 446,
Шығыс Қазақстан облысы - 101,
Жамбыл облысы - 108,
Батыс Қазақстан облысы - 309,
Қарағанды облысы - 750,
Қостанай облысы - 167,
Қызылорда облысы - 170,
Маңғыстау облысы - 255,
Павлодар облысы - 211,
Солтүстік Қазақстан облысы - 123,
Түркістан облысы - 109.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 522638.
Еске салсақ, бұған дейін Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова вакцина салдырғаннан кейін коронавируспен ауырып қалғандар санын жариялаған болатын. Ал денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният шетелдегі статистиканы мысалға келтірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923716-tagy-da-antirekord-elimizde-koronavirus-zuqtyrgandardyn-sany-zariyalandy/